«Тозған қазды топтанған қарға жейді»



Онлайн БАРЛЫҒЫ 1
ҚОНАҚТАР 1
ПАЙДАЛАНУШЫЛАР 0
 МАҚАЛАР
БАСТЫ БЕТ! » Статьи » Мои статьи

өзгерістер

Үстіміздегі жылғы 17 шілдеден бастап «Қазақстан Республикасы­ның Қылмыстық, Қылмыстық-процессуалдық кодексі мен есірткінің заңсыз айналысына тосқуыл қою бағытындағы жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы» заңы күшіне енді. Өйткені қазіргі уақытта есірткінің алуан түрі қоғамға еркін еніп, үлкен залал келтіруде. Бұл тұста Ішкі істер министрлігіне қарасты Есірткіге қарсы күрес комитетінің қызметкерлері де елімізде есірткіні жою бағытында іргелі істерді атқаруда. Соның нәтижесінде осы жылы 12,6 тонна алуан түрлі есірткі, оның ішінде 1,2 тонна героин тәркіленді. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстыра қарасақ, төрт есе көп. Ал Денсаулық сақтау министрлігінен алынған статистикалық мә­ліметке зер салсақ, қазіргі уақытта Қазақстан бойынша есірткіге құмар 55,2 мың адам есепте тұр. Көңілді қобалжытып, көңілге кірбің ұялататыны – мұның 51 пайызы жасөспірімдер. Бұған қоса, Қазақстанда тұратын 4759 қыз-келіншек пен 3855 жасөспірімнің есірткі шекпесе «басы айналып», көздері қарауытатынын арнайы органдар айқын анықтап отыр.
Бірінші анық: Бір өкініштісі, есірткіні «иіскемесе» тұра алмайтын әлгі қыз-келіншектер мен 15-17 жастағы жасөспірімдердің саны бұрынғымен салыстырғанда күрт өсе түскен. Мұның өзі қоғамның күннен-күнге есірткіге әуестеніп бара жатқанының бір көрінісі. Тағы бір таңданарлығы, ҚР ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналысын бақылау ко­митетінің төрағасы Асқар Исағалиевтың айтуынша, анағұрлым «тәртіпті» деп жүрген бизнесмендердің өздері де соңғы уақытта есірткі таратуды үлкен кәсіпке, яғни орасан зор пайда көзіне айналдыра бастапты. Сонда қоғам қайда бара жатыр? Басты гәп, міне, осында! Сондықтан да қоғамда етек алған мұндай дертке жол бермеу мақсатында жақында ел Үкіметі бас болып, есірткіге қарсы сойқан «соғыс» жариялады. «Соғысы» сол, еліміздің есірткімен күрес жөніндегі заңына енгізілген өзгертулер мен қосымшалардың нәтижесінде бұдан былайғы жерде есірткі тасымалдаушылар да, есірткі шегушілер де заң жүзінде қатаң жазаланады. Басқаны былай қойғанда, бұдан былай есірткіге құмартушылар да, оны тарату арқылы шаш етектен пайда тауып жүрген пысықай кәсіпкерлер де өмір бойы түрмеге отырғызылады. Бұл – ең алдымен, қоғамды есірткіден «тазарту», қоғамның баға жетпес байлығы саналатын тұрғындардың денсаулығын сақтап қалу бағытындағы игі шара! Бұл – бірінші анық.
Екінші анық: Жасыратыны жоқ, бүгінгі күні есірткі атаулы жоғары оқу орындарын жайлағанымен қоймай, біртіндеп мектептердің есігін де «қаға бастады». Сондықтан да түбірінен өзгерген әлгі заңда: «Оқу орындарында және жасөспірімдер арасында есірткі таратқан адам бұдан былай 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге немесе өмір бойы бас бостандығынан айырылады...» деп анық-қанық жазылған. Егер «Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-процессуалдық кодексі мен есірткінің заңсыз айналысына тосқауыл қою бағытындағы жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы» заңына тереңірек үңілсек, онда мынадай өзгерістерді айқын байқаймыз:
.көп көлемде есірткі контрабандасымен айналысқандар – 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан;
.лауазымды адамдардың қызмет жағдайын пайдаланып есірткі таратуы 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге;
.оқу орындарында және жасөспірімдер арасында есірткі таратқандар – 15 жылдан 20 жылға немесе өмір бойы бас бостандығынан;
.есірткі таратумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтардың мүшелері – 15 жылдан 20 жыл мерзімге дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан;
.ал жасөспірімдерді, екі немесе одан да көп адамды есірткі тартуға бейімдеуге, оның ішінде күштеп мәжбүрлеген адам – 7 жылдан 10 жыл мерзімге бас бостандығынан;
.есірткі шегуге мәжбүрлеу салдарынан адам өлімінің орын алуы жағдайында – 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге немесе өмір бойы бас бостандығынан;
.есірткі шегетін орындарды ұйымдастырғаны үшін – 3 жылдан 7 жыл мерзімге;
.ал қызмет жағдайын пайдаланып немесе ұйымдасқан топ құрып есірткі тасымалдағаны үшін 7 жылдан 12 жыл мерзімге дейін бас бос­тандығынан айыру көзделген.
Мұның өзі – ендігі жерде Қазақстан аумағында есірткіқұмарларға да, есірткі сатып, пайда тауып келген кәсіпкерлерге де қатаң «тосқауыл» қойылады деген сөз. Сөйтіп, бұдан былайғы жерде есірткіқұмарлар да, оны тасымалдаушылар да қатаң жазаланады. Бұлай етпеске лаж жоқ!
– Жасыратыны жоқ, алуан түрлі тексеру нәтижесі соңғы кезде «тәртіпті» деп жүрген кейбір қалталы кәсіпкер азаматтарымыздың да есірткі саудасымен қызу айналысып келгенін нақтылай түсуде. Мұның басты себебі, бүгінгі күні есірткі сатып, қалтаны қаржыға толтыру анағұрлым тиімді де пайдалы кәсіпке айналды. Бұл мәселе біздер – құқық қорғаушыларды да айрықша толғандыруда. Осыған байланысты біз, ең алдымен, «қара базардағы» есірткі бағасын есірткіні сатып алатын есірткіқұмарлардың «қалтасы» көтере алмайтындай жағдайға жеткізу қажет» деп шештік. Бұл – бір. Екіншіден, мұндай жағдай есірткі саудасына батыл тосқауыл қояды. Қарапайым нәрсе, неғұрлым көп шы­ғын шығарып, аз ғана пайда әкелетін «кәсіпкерліктің» ешкімге қажеті шамалы. Бір ғана мысал, өткен жылы Алматы және Астана қалаларында бір келі марихуананың бағасы 350 және 300 АҚШ долларын құраса, биылғы жылы оның құны тиісінше 400 және 600 АҚШ долларына дейін шарықтады. Ал бұдан бір жыл бұрын Астанада гашиштің бір келісі 2-7 мың АҚШ доллары көлемінде болса, қазіргі уақытта оның құны 5-10 мың АҚШ долларына дейін көтерілді. Осылайша, біз есірткі бизнесіндегі негізгі құралды пайдаланып, сол құрал (есірткі бағасы) арқылы олардың өзін «соғуды» жөн санап отырмыз. Мұның өзі есірткі бизнесіне едәуір «тұсау» салады. Біз «қара базарда» есірткіні азайтып қана қоймай, Денсаулық сақтау, Білім, Мәдениет және ақпарат министрліктерімен бірлесе отырып қоғамнан есірткіні аластау мақсатындағы игі шараларды жүзеге асыруды көздеудеміз. Осы мақсаттағы маңызды бір шара – бұ­­дан былай жоғары оқу орындары мен мектептерде есірткіге қарсы мін­­детті һәм құпия түрде тест жүргізудің мүмкіндіктері ойластырылуда. Мұның өзі еліміздің болашағы – жастарды есірткі тажалынан құтқаруға септігін тигізетін бірден-бір жол болып табылмақ, – деді бізге ҚР ІІМ Есірткі бизнесіне қарөсы күрес және есірткі айналысын бақылау комите­тінің төрағасы Асқар Исағалиев. Міне, бұл – екінші анық!
Үшінші анық: Басқаны былай қойғанда, Ұлыбритания, Бельгия, Греция, Ирландия, Канада, Франция секілді көптеген елдерде есірткімен күрес мәселесінде есірткіқұмарлар мен қатар, оны тасымалдаушыларды да және есірткі саудагерлерін де өмір бойы түрмеде отыруға кесу секілді қатаң шара жүзеге асырылуда. Ал іргеміздегі Қытай, Иран, Сингапур, АҚШ, Таиланд тәрізді біраз елдердің заңдарында есірткі саудасымен ай­налысқан және оны шегуге құмар тұрғындарға өлім жазасын тағайындау ежелден-ақ заң жүзінде қарастырылған. Олай болса, бұл тұста біздің қоғамның да жақсыны жатырқамай қабылдағаны жөн. Осы жағынан ал­ғанда, есірткіге қатысты заңның қатайтылуы, ең алдымен, еліміздің ертеңгі жарқын болашағы, қоғам тазалығы үшін қажет.

Сөз соңы: тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, елімізде есірткімен күрес мәселесінде бұрын-соңды болып көрмеген қатал жаза түрлерінің енгізілуі бұл – біріншіден, есірткі- құмарлар мен есірткі тасымалдаушыларға қарсы жарияланған ауқымды шара. Екіншіден, Денсаулық сақтау министрлігінің «қара» тізімінде тұрған 55,2 мың есірткіқұмардың барлығы болмаса да, едәуір бөлігінің бар ғұмырын темір тордың ар жағында өткізгісі келмейтіні ақиқат. Олай болса, есірткіқұмарлар мен есірткі сатып баюды көздеген азаматтардың да тәубесіне келетін күні жақын. Қоғамның басты мақсаты да – міне, осы!

Жомарт МОЛДАХМЕТҰЛЫ
«Айқын» газеті

Категория: Мои статьи | Добавил: Лаура (14.12.2008) | Автор: Забихова Лаура
Просмотров: 2630 | Комментарии: 1
Всего комментариев: 1
1 Лаура  
0
Жомарт МОЛДАХМЕТҰЛЫ жазған бұл мақаланы қосқан мақсатым, нашақолыққа қарсы күрес бағытындағы өзгерістерді анық әрі түсінікті жазған.Ағамыздың қаламынан бұдан былай да жақсы мақалалар жарық көреді деп ойлаймын. Рахмет.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Тіркелу парағы | Вход ]
СЕЙСЕНБІ
04.11.2026
02:44
Категории каталога
Мои статьи [151]
КІРУ УЛГІСІ
ҚОШ КЕДІҢІЗ! Гость!
Мини-чат
ДАУЫС БЕРУ!
СІЗ ЕСІРТКІМЕН ҚАЛАЙ КҮРЕСЕ СІЗ?
1. СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ АРҚЫЛЫ?
2. ТҮСІНІК ЖҰМЫСЫН ЖҮРГІЗЕМІН
3. ЖЕРГІЛІКТІ ОРГАНДАРҒА ХАБАРЛАЙМЫН
4. КӨЗ ЖҰМЫП ӨТЕМІН
Всего ответов: 3
БІЗДІҢ ОҚЫРМАНДАР!

Copyright MyCorp © 2026
Сделать бесплатный сайт с uCoz