«Тозған қазды топтанған қарға жейді»



Онлайн БАРЛЫҒЫ 1
ҚОНАҚТАР 1
ПАЙДАЛАНУШЫЛАР 0
 
 


 







Жаның тәннен ертерек жерігесін...

Өлеңді жазған: Асылзат Арыстанбек

 

Жаның тәннен ертерек жерігесін,
Осылайша сан ойға берілесің.
Мүмкін тым кеш түсіндім өмір сырын,
Мүмкін ерте ауысты менің есім.

Бөрік ішінде жарылған қайран басым,
Ошақ болды-ау күні-түн ойланғасын.
Жабырқаудың керегі жоқ та шығар,
Жаның Көкке тікелей байланғасын.

Қызыл-жасыл дүние-ай көзді арбаған,
Қызылына құнығып тозған ғалам.
Жұмбағына жалғанның жұтылармын,
Мүмкін соны шешуді жазған маған.

Күн күлуден жаңылып, түн түңілген,
Қоғам құсық сасиды сырты гүлден.
Аузын ашса албасты ақтарылып,
Артын ашса шайтанның мұрты күлген.

Есірткі емген немедей есі кеткен,
Ойдың қалың орманын нәсіп еткем.
Құлын даусым жетсе егер құлағына,
Құдайдың да төгілер жасы көктен.

Зәр шыққаны-ай тілімнен бал тамарда,
Ой жеген де бір қазір нансоғар да.
Пірәдардың пейілі тарылған ба?
Періштеден пәтуа қалмаған ба?!

Өз тағдырын талайлы таңдар ма адам,
Тегін іздеп санасыз сандалмаған.
Түсінісер тіл бермей тілсіздермен,
Түйсік беріп, Құдай-ау нең бар маған?


 


 

фото сурет: өзіміздікі.
 
СЕЙСЕНБІ
03.11.2026
23:45
КҮНТІЗБЕК
«  ҚАРАША 2026  »
ДССССРБСЖСБЖБ
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
КІРУ УЛГІСІ
ҚОШ КЕДІҢІЗ! Гость!
Мини-чат
ДАУЫС БЕРУ!
СІЗ ЕСІРТКІМЕН ҚАЛАЙ КҮРЕСЕ СІЗ?
1. СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ АРҚЫЛЫ?
2. ТҮСІНІК ЖҰМЫСЫН ЖҮРГІЗЕМІН
3. ЖЕРГІЛІКТІ ОРГАНДАРҒА ХАБАРЛАЙМЫН
4. КӨЗ ЖҰМЫП ӨТЕМІН
Всего ответов: 3
БІЗДІҢ ОҚЫРМАНДАР!

Copyright MyCorp © 2026
Сделать бесплатный сайт с uCoz