|
Менің аты - жөнім Забихова Лаура Жасұлан қызы, 1969 жылдың 15 сәуірінде Орал облысы Қазталов ауданы Березин ауылында дүниеге келдім. 1991 жылы қазіргі Әл - Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінің журналистика факультетін, 2000 жылы " Әділет" Жоғары Құқық мектебін бітірдім.Мамандығым - заңгер-журналист. Қазіргі кезде Ақтөбе облысының ІІД ЕБҚКБ аға жедел уәкілі болып қызмет атқарып отырмын.Шенім - полиция подполковнигі. Жолдасым Русланмен бірге бір ұл, бір қыз тәрбиелеп келеміз. Қазақстан Республикасы ІІМ Ақтөбе заң колледжінің онжылдық мерей тойына арнап жарыққа шыққан «Он жыл белесінде» атты кітабының авторымын. Бұл сайтты ашудағы мақсатым - өркен жайып келе жатырған еліміздің болашағы - жастарды есірткі індетінен аластатып, бұл зұлымдықтың алдын - алу мақсатында насихат жұмыстарын жүргізу. Сонымен қатар, Ақтөбе облыстық ІІД ЕБҚКБ есірткіге қарсы күрес бағытындағы жұмыстарымызбен сіздерді хабардар ету. Замани жастарымыздың кітап бетінен гөрі ғаламтор аясында уақыттарын көбірек өткізетіндіктен, осы сайтқа бас сұғар деген үміттемін. Мен жастарға сенемін! Болашаққа есірткісіз! " Жұмыла көтерген жүк жеңіл " демекші,атсалысыңыздар!
Ізгі ниетпен: Лаура | |
|
|
|
|
|
|
|
|
Сайт құрастырған Ақтөбе облысы Байғанин аудандық білім бөлімінің ақпараттандыру жөніндегі әдіскері, ақпараттық теңсіздікті төмендету шеңбері жөніндегі аудан әкімі аппараты жанындағы жауапты үйлестіруші Руслан Арыстанұлы Хайырмұқанбетов. |





