«Тозған қазды топтанған қарға жейді»



Онлайн БАРЛЫҒЫ 1
ҚОНАҚТАР 1
ПАЙДАЛАНУШЫЛАР 0
 МАҚАЛАР
БАСТЫ БЕТ! » Статьи » Мои статьи

Атқарылып жатырған іс-шара.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2005 жылғы 29 қарашадағы № 1678 санды Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2006-2014 жылдарға арналған нашақорлық пен есірткі саудасына қарсы күрес Стратегиясын орындау мақсатында Ақтөбе облыстық ІІД-де нашақорлықтың тарауы мен есірткінің заңсыз айналымға түсуін жою жөнінде бірқатар шаралар қолға алынып, толыққанды жұмыс жүргізілуде.
2009 жылдың 3 айы ішінде есірткінің заңсыз айналымына байланысты 97 қылмыс анықталды (2008 ж. - 90), оның 73 өтім фактісі (2008 ж. - 46).
Оның ішінде ҚР ҚК 259 бабының 3 тармағы бойынша ( ірі көлемде) – 43;
ҚР ҚК 250 бабы бойынша (контрабанда) - 1;
Заңсыз айналымнан 3 келі 58,39 гр. есірткі заты тәркіленді ( 2008ж.- 6 келі 815гр.), оның ішінде – 178,5181 гр.героин (2008ж – 156,8 гр.).
Жедел сатып алу әдісі бойынша 16 .
ҚР ӘҚБК 320 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке 10 ( 2008ж.-12) адам тартылды.
Ақтөбедегі “Құрмыш” деген атқа ие аумақта есірткі сатып дәндеген
“ Жиган” мен “Колек” те бұл жолы тұтылды. Полиция қызметкерлері бұған дейін екі кәнігі қылмыскердің ұзақ уақыт бойы есірткі сатып сайрандағандарын сырттай бақылап, орайы түскенде бұлтартпас дәлелдерімен құрықтаған. Қара ниеттілерді аса ірі көлемде есірткі сату біреуінің әйелінің осы кәсіпптен тапқан нәпақасы- “темір торда” көзін сүзіп жатқаны да тоқтатпаған...
Есірткінің тигізер зұлматы көзі қарақты жанға аян. Ал оны тарататындардың қаперіне бұл мүлде кірмейді. Олар тек өз құлқындарының қамын ойлап, “пайда” тапса болғаны.
Ақтөбе облысының Ішкі істер департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 1970 және 1977 жылы туған, бұрын сотталған екі ақтөбе тұрғынының өзара келісім бойынша Ақтөбе қаласында
аса ірі көлемдегі марихуана, есірткі сақтап, оны таратумен айналысып жүргендерін анықтап, екеуін есірткі сату сәтінде құрықтады.
Есірткі сатушылардың үйінен аса ірі көлемде есірткі заттары тәркіленді: 1 келі 800 грамм марихуана, 5 грамдай героин есірткісі.
Зиянды әдеттерді қолданбайтын және салауатты өмір салтын қалыптастыруда саналы түрде дұрыс таңдау жасайтын жас ұрпақты тәрбиелеу- полиция қызметкерлерінің, медиктердің, педагогтардың, ата-аналардың және қоғамның басты міндеті.Осыған орай қаламыздың оқу орындарында “Есірткісіз болашақ”, “Біз есірткіге қарсымыз!” атты акциялар ұйымдастырылып, өткізілуде. Барлық өткізілген шаралар бұқаралық ақпарат құралдарында көрініс табады.
Л.Забихова
Категория: Мои статьи | Добавил: Лаура (21.04.2009)
Просмотров: 1341
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Тіркелу парағы | Вход ]
СЕЙСЕНБІ
04.11.2026
02:44
Категории каталога
Мои статьи [151]
КІРУ УЛГІСІ
ҚОШ КЕДІҢІЗ! Гость!
Мини-чат
ДАУЫС БЕРУ!
СІЗ ЕСІРТКІМЕН ҚАЛАЙ КҮРЕСЕ СІЗ?
1. СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ АРҚЫЛЫ?
2. ТҮСІНІК ЖҰМЫСЫН ЖҮРГІЗЕМІН
3. ЖЕРГІЛІКТІ ОРГАНДАРҒА ХАБАРЛАЙМЫН
4. КӨЗ ЖҰМЫП ӨТЕМІН
Всего ответов: 3
БІЗДІҢ ОҚЫРМАНДАР!

Copyright MyCorp © 2026
Сделать бесплатный сайт с uCoz