| ЖАСТАР ЖӘНЕ НАШАҚОРЛЫҚ Жасөспірімдер мен жастар арасындағы қылмыстың, әсіресе нашақорлықтың басқа жылдармен салыстырғанда күрт өсіп,бұл дерттің асқынып бара жатуына полиция қызметкерлері аса алаңдаушылық білдіріп отыр. Әсіресе, нашақорлыққа ден қою жасөспірімдер арасында қылаң беріп отыр.Бүгінгі таңда Ақтөбе облыстық наркологиялық диспансерінде 14 жасөспірім тұр, ал 2005 жылы небәрі 3 жасөспірім болған. Баласының тәрбиесіне ықпал жасайтын алдымен ата-ана, содан кейін мектеп, колледж дегендей.Сонымен қатар көбіне жасөспірімдер ауылдық жерлерден қаланың дөңгелетіп әкетер құйынына түспек. Қанаттары әлі қатая қоймаған жасөспірім оларға кездесетін даңғылынан шоқалағы молдау жолдарда өз бейнелерін алып шығуы екіталай.Ата-анасы алыста, "қой дейтін қожа, әй дейтін әже жоқ" бала не істемек? Дәл осы өріара кезеңде олар есірткінің,маскүнемдіктің және қылмыстың құрбаны болмақ. Ол үшін ата-аналар осы балаларын білім алуға сеніп жіберген оқу орындары нашақорлыққа, қылмысқа қарсы бағытта жұмыстарды табанды түрде жүргізуі тиіс. Сонымен қатар, міндетті түрде есірткі пайдалануды анықтайтын тесттерді жүргізу қажет.Бұл нашақорларды төменгі сатыда анықтауға ықпал жасамақ. Ақтөбедегі 33 мектепте 15 мектеп инспекторлары жұмыс жасап отыр, оның үстіне оқу орындарының әрқайсысына учаскелік инспектор, жасөспірімдер ісі жөніндегі жедел өкілдер бекітіліп берілген. Өткен жылда полиция қызметкерлері есірткінің алдын алу бағытында 145 іс-шара өткізілді, оның ішінде 20 семинар, 58 дәріс, 16 дөңгелек үстел, 8 кездесу, 23 спортты шара. Денсаулық сақтау және білім беру органдарымен бірігіп 91 іс-шара өткізілді.Оған 7070 адам қатысты. Оқу орындарында есірткінің зияндығын насихаттайтын көрнекі құралдар тапшы. Бұл саладағы жұмыстар тек акция барысында ғана қолға алынып, басқа кезде жабулы күйінде қалып келеді. Ал мектептік жоспарларда да некен-саяқ кездеседі. ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы қызметкерлері "нашақорлар ордасын" жоюға күш салып келеді. Осындай құпия ордалар жасөспірімдерді еліктіріп, оларға ақысыз алғашқы есірткіден "дәм" татырады. Жас өрендер мұндай қармаққа жолдастарының ықпалдарымен немесе қызығушылықтан түсіп қалады. Өткен жылы "нашақорлар ордасын" ұстап, әрекет жасаған әйел ұсталып, 11 жылға сотталды. Осындай қылмыспен белгілі болған екі әйел де қылмыстық жауапқа тартылды. Біздің басты мақсатымыз – нашақорлық деп аталатын індеттің тамырына балта шабу. Бұл кеселмен күресте бар мүмкіншілігімізді пайдаланып, онымен ымырасыз болу деген сөз. Орта Азиядан Ресей Федерациясына жеткізілетін есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар Ақтөбе аумағы арқылы өтетіндіктен біздің облысымыз үлесінде ауқымды жұмыстар тұр. Ақтөбе облыстық ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 2006 жылдың 12 айы ішінде 322 есірткі қылмысы дерегін анықтады. Оның 169 дерегі есірткі сату; заңсыз айналымға 284 келі есірткі заты жіберілген жоқ, оның 2 келідейі героин. Нашақорлық десең, көз алдыңа батпақ сор елестейді. Оған батқан жанның қайтып шығар-шықпасы неғайбыл. Есірткіге тәуелді болудан асқан сорақылық болмас.Оның тек өлім мен қайғының қара бұлтын төндіретіндігі кім-кімге болмасын аян. Жалпы есірткі таратушылар адамдарға ажалдың дәнін себе отырып, олардың қиналыстарынан, көз жастарынан баюды көздейді.Біреудің өмірі оларүшін түк емес, тек қалталары толса болғаны.Осы бағыттағы қылмыстарды әшкерелеу үшін, өткен жыл барысында 26 "есірткі сату нүктесі" жойылды. Жастардың көп жиналатын орындары-диско барлар, кафе-мейрамханалар ұдайы тексеріліп отырады.Өткен жылы 113 көңіл көтеру орындары тексерілді.Қаламыздағы үш кафеден көкнәр есірткісін пайдаланған кафе қонақтары ұсталып, осы көңіл көтеру орындарының әкімшіліктері әкімшілік жазаға тартылды. Иә нашақорлық кеселімен тек полиция қызметкерлері күресу аз, "ұрыс алаңында біреу әскер болмайды " демекші, онымен барлық қоғам болып күрессек,мәре биігіне шыққанымыз. Лаура Забихова Полиция подполковнигі Ақтөбе облыстық ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкері
|